Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«Шахан СМ» ЖШС «Алтын ұя» балабақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«Шахан СМ» ЖШС «Алтын ұя» балабақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Шахан СМ» ЖШС «Алтын ұя» балабақшасы 2023 жылы ашылған. Мектепке дейінгі ұйым балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи талаптарға сай жұмыс жүргізіп келеді. Балабақшада барлығы 3 топ жұмыс істейді: кіші топ, аралас (3 - 4 жас) топ және аралас (4 - 6 жас) тобы.

Мекемеде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісі ұйымдастырылған. Тәрбиешілер балалардың танымдық, шығармашылық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Әр топта дамытушы орта қалыптастырылып, оқу қызметтері мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарланады.

Балабақшада қауіпсіздік талаптары сақталған, балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар ата - аналармен тығыз байланыс орнатылып, бірлескен іс - шаралар ұйымдастырылады.

«Алтын ұя» балабақшасы - балалардың жан - жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған білім беру ұйымы. 

Балабақша басшысы Наржигитова К.А өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті әрі тәжірибелі басшы. Ұжымда ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, басқару мәдениеті қалыптасқан тұлға ретінде танылған. Қызмет барысында стратегиялық шешімдер қабылдай біледі және ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдыра алады. Ол қызметкерлермен қарым - қатынаста әдепті талапшыл әрі әділ. Жұмыс барысында тәртіпті сақтап еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған тиімді әдістерді қолданады. Жаңашылдыққа бейім, кәсіби дамуға үнемі ұмтылып отырады.

Атауы: «Шахан СМ» ЖШС «Алтын ұя»  балабақшасы  

Тәрбие беру тілі: Қазақ

Түрі: Жекеменшік

Негізгіт құны,айына: 50000 теңге

Жұмыс тәртібі: Бес күндік жұмыс аптасы, 07:30 - дан 18:00 дейін

Телефон: 8-778-105-50-25

Мекен - жайы: Астана қаласы, Бесшалқар көшесі №3