«Шахан СМ» ЖШС «Алтын ұя» балабақшасы 2023 жылы ашылған. Мектепке дейінгі ұйым балаларды тәрбиелеу мен оқытуда заманауи талаптарға сай жұмыс жүргізіп келеді. Балабақшада барлығы 3 топ жұмыс істейді: кіші топ, аралас (3 - 4 жас) топ және аралас (4 - 6 жас) тобы.
Мекемеде балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиелеу мен оқыту үдерісі ұйымдастырылған. Тәрбиешілер балалардың танымдық, шығармашылық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Әр топта дамытушы орта қалыптастырылып, оқу қызметтері мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарланады.
Балабақшада қауіпсіздік талаптары сақталған, балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар ата - аналармен тығыз байланыс орнатылып, бірлескен іс - шаралар ұйымдастырылады.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.
